Блог статистикасы
195
Жазбалар
4723
Өтініштер
183120
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Инвестициялық іс-шаралардың кестесі

Ағымдағы жылдың 12 қазанында Қостанай қаласында «Kostanay Invest -2018» Өңірлік Инвестициялық Форумы өтеді.

Форумның басты мақсаты:

·         Инвестицияларды тарту саласындағы әлемдік сарапшылардың қатысуымен, аймақ экономикасының негізгі салаларын, инвесторларды тарту механизмдерін және моноқалаларды дамыту мәселелерін талқылау үшін диалогтік алаңдар құру.

·         Аймақтың экспорттық әлеуетін ашу, шетелдік инвестицияларды тартуға стратегиялық маңызды құралдарды пайдалану мүмкіндігі туралы айту.

Айта кету керек, өткен жылғы Форум өзін аймақтың инвестициялық әлеуетін талқылау бойынша диалогтік алаң ретінде танытты. Мәселен, 2017 жылы іс-шара аясында экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастық бойынша жалпы сомасы шамамен 200 млрд. теңге болатын 26 меморандумға қол қойылды.

Тек Қазақстаннан ғана емес, сондай-ақ шет елдерден де делегаттардың қатысуы күтілуде. Іс-шараға ұлттық компаниялардың басшылары, мемлекеттік органдардың, даму институттарының, халықаралық қаржы институттары мен компаниялардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Биылғы жылы Инвестициялық форумның пленарлық отырысының тақырыбы: «Қостанай облысының инвестициялық стратегиясы: әлемдік үрдістер, озық тәжірибелер мен даму перспективалары», онда қатысушылар экономиканың басым салаларына инвестициялар тарту мәселелерін талқылайды. Бұдан басқа, Форум делегаттары ауыл шаруашылығы проблемаларын, өңірлердің цифрландыру және индустриялық даму мәселелерін талқылайды, моноқалаларды табысты дамыту мысалдарымен танысады. Қатысушылар үшін ШОБ тақырыбы бойынша мастер-класс жоспарланған.

Форумға қатысу әлеуетті инвесторларға өңірдегі бизнесті жүргізудің экономикалық, құқықтық және басқа да жағдайларын зерттеуге, инвестициялық әлеуетпен танысуға, сондай-ақ ресми және іскер топтардың өкілдерімен инвестициялық ынтымақтастықтың келешегін талқылауға мүмкіндік береді.

Форумның ресми бетіне сілтеме - http://kostanay-invest2018.kz.


хат жіберу