Блог статистикасы
195
Жазбалар
4807
Өтініштер
187505
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Адам танымастай өзгерді

Елордамыз Астананың көркіне тамсанбайтын адам жоқ


Күн санап құлпырып келе жатқан Астана бүгінде қазақ халқының мақтанышына айналған әсем де сұлу шаһар. Еліміз жылдан-жылға қарышдап дамыған сайын оның да келбеті барынша жақсара түсуде.

Бұған аталмыш шаһарға жолы түсіп, оның даңғылдары мен көшелерін аралап, салынып жатқан зәулім ғимараттарды көрген кезде көзіңіз айқын жетеді.

Өзім Елордаға жылда бірнеше рет барамын. Барған сайын өзгерістерге таң қаламын. Ең бастысы шаһар жасыл желекке бөлене түсуде. Осыдан 20 жыл бұрынғы қала мен қазіргі Астананы мүлдем салыстыруға келмейді.

Айырмашылығы жер мен көктей. Бұл күндері ол да Алатаудың баурайындағы Алматы секілді руханият ордасына айналды. Алысқа бармай-ақ осындағы опера және балет театрын алайықшы. Оның сырты қалай тартымды болса, іші де өте әсем безендірілген.

Онда қазіргі таңда әлемді жарқын таланттарымен мойындатқан қаншама өнер тарландары қызмет атқарады. Олардың есімдерін халқымыз жақсы біледі. Сондықтан аттарын атап, түстерін түстеген жоқпын.

Өздеріңіз білесіздер, бұл күндері үлкен шаһарда ұлтымыздың бетке тұтар қаламгерлері де тұрады. Кейінгі жастар олардан үлгі алып, көп жайды көңілдеріне түйді.

Таратып айтар болсақ, Елордамыз мәдениет пен өнердің ордасы атанып отыр. Алдағы уақытта да ауыз толтырып айтарлықтай істер тындырыла беретініне өзім күмән келтірмеймін.

Мұнда ғылым да өркендеп, білім саласы да уақыт өткен сайын сапасы артып, нағыз жастар қаласына айналып келе жатқандығын да байқап жүрміз.

Ондағы халықаралық Назарбаев, өнер университеттері және басқа да жоғары оқу орныдары қаншама кадрларды дайындап, олардың алаңсыз қызмет атқаруларына қолдан келген жағдайдың бәрін де жасап жатыр.

Астана еліміздің бас қаласы. Сондықтанда бұл шаһарға еліміздің түкпір-түкпірінен қоныс аударып, қызмет атқарып жатқан азаматтар да аз емес. Кейбір дерек көздеріне қарағанда қазір мұнда халықтың саны миллионнан асты.

Осы қаладағы әуежай мен жаңа темір жол вокзалы да жұртшылықтың ықыласын аударды. Сонымен қатар еліміздің бірқатар қалаларына заман талабына сай автобустар да қатынайды.

Былтыр Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын аса құнды мақаласы жарық көріп, барша азаматтардың көңілінен шыққан еді.

Осы бағдарламаға сай қаншама жұмыстар атқарылды. Өткен тарихымыз бен мәдениетімізге айрықша көңіл бөлінуде. Елордамыздағы халқымыздың көрнекті тұлғалары мен өнер майталмандарына берілген көшелерді көргенде еріксіз риза боласыз.

Сондай-ақ мемлекеттік тіліміздің де аясы кеңейе түсуде. Осының өзінен мұнда қызмет атқаратын азаматтардың жанашырлығы айқын байқалады.

Қазіргі таңда бұл қалаға туристер де аз келмейді. Олар Астанамызды көріп, өзгелерге де айтып жатады. Әсіресе, жаздың жайдары күндері бас қалада болып, демалудың өзі бір ғанибет.

Мемлекет басшысының тікелей ұйытқы болуымен дүниеге келген сәулетті шаһардың келешегі зор. Ешкімде қысқа мерзім ішінде Елордамыз осындай әлемге танымал шаһарға айналады деп ойламаған болар. Алайда Шынымен талпынса алынбайтын асу болмайтындығына өткен 20 жыл нақты айғақ.

Онда Елбасынан бастап қаншама көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, сәулетшілердің, құрылысшылардың қарапайым еңбек адамдарының қажыр қайраты мен еңбегі жатыр. Соны кейінгі ұрпақ ұмытпағандары абзал.

 

Қаракөз Сыздығалина
қала тұрғыны

хат жіберу