Блог статистикасы
195
Жазбалар
4723
Өтініштер
183118
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Асқақ әнім, Астана!

2018 жылдың 9 ақпаны күні Елбасының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында, Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Асқақ әнім, Астана!» XXXIІ облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы фестивалі болып өтті.

Фестивалде Қостанай ауданының ең талантты, ең дарынды өнерпаздары мен ұжымдарынан құралған, әртүрлі жанрдағы 20 концерттік номер көрсетілді. Әуелеген әсем ән мен күмбірлеген домбыраның үнінен бөлек, мың бұралған би және цирк ұжымдары, көлеңке театры, сондай-ақ авторлық өлеңдер оқылып, тәуелсіздігіміздің табысы болған – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арнау орындалуы фестиваль көркін қыздырды.

Қостанай ауданының өнерпаздары мен ұжымдарына қолдау көрсетіп, өнерлерін тамашалауға келген өнер сүйер қауым саны көп болғаны соншалық, залда ине шаншар жер болмады.

Сондай-ақ биылғы фестивалдің бір ерекшелігі, фестивалдің шымылдығын ашқан «Бағзы даланың-бақытты жүрегі» деп аталатын бүкіл қазақ халқы астаналарының тарихынан сыр шерте отырып, бүгінгі Қазақстанның жетістігін бейнелеген театрланған прологты ерекше атап өткеніміз жөн. Сонымен қатар, сахна төріне орнатылған түрлі-түсті жарық беретін LED-экран талғампаз көрерменнің көңілін бір серпілтіп тастады.

Фестиваль соңында аудан әкімінің орынбасары Бекенов Болат Қажабайұлы сөз алып, байқауға қатысқан барлық өнерпаздарға алғысын білдіре отырып, аудан әкімдігі тарапынан мәдениетке деген қолдау әлі де өз жалғасын табатынын жеткізді. Сондай-ақ өнерпаздарға аудан әкімінің атынан шоқ гүлдер табыс етті. Мұнан соң, Қостанай ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы Уалиев Бекболат Балабекұлы сахна төріне көтеріліп, өнерпаздарға дипломдар мен алғыс хаттар табыстады.

Көрермендердің өнерпаздарға деген ықласы мен құрметінің зор болғаны сонша, өнер сүйер қауым қазылар алқасының бағасын естімейінше орындарынан қозғалмады. Көптен күткен фестиваль қорытындысын шығару үшін, сахна төріне қазылар алқасының төрағасы Евсюков Александр Сергеевич көтеріліп, фестиваль өте жоғары деңгейде өткенін айтып, өнерпаздарға алғысын жеткізді. Сонымен қатар, әрбір номердің қорытынды бағасын жариялап, мәдениет саласына ерекше қолдау білдіріп отырған аудан әкімдігіне ризашылығын білдірді.

хат жіберу